Жаңалықтар 22.02.2021 сағат 16:00

Қазақ режиссері өзбектерге теңдессіз телехикая түсіріп берді (ВИДЕО)

13 бөлімнен тұратын тарихи картинада басты рөлдерді яғни Хорезмшахты түрік актері Эмре Кивилджим сомдаса, ұлы Шыңғысханның рөлінде белгілі өзбек актері - Джавахир Закиров.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Өзбекстан Мәдениет министрлігінің тапсырысы бойынша түркиялық "Bo‘zdag‘ film" студиясы таспалаған "Мендирман Жалолиддин" тарихи телехикаясы жарыққа шықты. Туындының авторы - қазақстандық режиссер Нұрғиса Әлмұрат, деп хабарлады paryz.kz, ӨзА агенттігіне сілтеме жасап.

Алғашқы бөлімі 14 ақпанда көрерменге жол тартқан туынды Хорезмді билеген Жалолиддин Мангубердінің өмірі, қолбасшылық еткен дәуірі мен тарихи шайқастарын баяндайды.

Телехикая негізінен Хорезмшах пен Шыңғысханның шайқасына негізделген. 13 бөлімнен тұратын тарихи картинада басты рөлдерді яғни Хорезмшахты түрік актері Эмре Кивилджим сомдаса, ұлы Шыңғысханның рөлінде белгілі өзбек актері - Джавахир Закиров. Ал сериалды қазақстандық режиссер Нұрғиса Әлмұрат түсірген.

Тарихи туындыны әр аптаның жексенбісінде кешкі сағат 20:30-да "Милли ТВ" арнасынан көруге болады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар