Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үй қамақта ұстау уақыты наурыз айының соңына дейін ұзарды. Бұл туралы оның адвокаты Дмитрий Куряченко мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Экс-министрдің қорғаушысы мұны заңсыз деп есептейді. Ол президенттің атына хат жолдады.
"Үй қамақта ұстау мерзімі наурыз айының соңына дейін ұзарды. Мұны заңсыз деп есептеймін. Сондықтан, президенттің атына хат жолдадым. Оған үндеуім жетеді деп ойлаймын",- дейді заңгер.
Адвокаттың айтуынша, Біртановты үй қамауында және ешқайда кетпеу туралы қолхатта ұстау үшін заңды негіздер жоқ.
"Оларға бұл не беретінін түсінбеймін. Олар өз талаптарында үй қамақта ұстау уақытын ұзартуға заңды негіздер де ұсынбаған. Маған соттың үй қамақта ұстау уақытын неге ұзарта беретіні түсініксіз. Осыған байланысты, Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдадым. Бүгін жаздым, жауап қашан келерін күтемін. Оған хатым жетпей қала ма деп қорқамын. Себебі, жағдайдың өзі түсініксіз",- дейді Куряченко.