Қазақстанда 2021 шілде айында мемлекеттік органдардың автокөлік сатып алуына байланысты үшжылдық мораторий енгізілді. Әйтсе де, кейбір шенеуніктер бұған пысқырмастан қымбат көліктерді сатып алуды жалғастыруда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы «NewTimes.kz» АҚ дерегіне сілтеме жасап.
Агенттік тілшісі Мемлекеттік сатып алу сайтынан көлік қандай сипаттамалары болуы керек және ол көлікті сатып алу үшін жергілікті қазынадан қанша төлеуге дайын екендігі туралы кем дегенде 10 лот тапты.
Өткен жылдың басында ҚР-ның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында «бюджет саясатының тиімділігін мұқият талдауды қажет етеді» деп мәлімдеген еді.
Сол кезде мемлекет басшысы қымбат көлік пен астатөк шараларға мораторий жариялауды ұсынды. Бұған қатысты шектеулер елімізде шілде айынан басталып кеткен. Бірақ бұл жайлы барлығы естімеген немесе естісе де түсінбеген сыңайлы.
Тағы оқи отырыңыз: «Бюджет қаржысына қымбат көлік пен жиһаз алынбайды» – Президент
Тыйым салынғанына қарамастан қымбат көлік сатып алған әкімдіктер бар - құзырлы орган
Қазақстанда қанша қымбат көлік тіркелген?
Мәселен, Түркістан аймағында темір тұлпарларды сатып алуға арналған лоттар санын басқа өңірлермен теңестіру қиын. Жаңа облыстың Жетісай ауданында шенеуніктер «жақсы көліктер сатып алуға шамам келеді» деп шешкен секілді. Оның үстіне, олар ұсақ-түйек заттарға мән бергісі келмеген. «А» және «Б» санатындағы 6 автокөлік сатып алуға конкурстық хабарландыру жариялаған. Жарнамалардың жалпы құны — 45 620 000 тенге.