Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өзінің ай сайын қанша теңге жалақы алатынын мәлімдеді. Бұл туралы "Диапазон" порталы хабарлап отыр.
Белгілі болғандай, өңір басшысының айлық-жалақысы 863 мың теңгені құрайды екен. Ал, ай сайын облыс басшыларына бюджеттен 3 миллион 300 мың теңге жұмсалады. Бұл қаражаттың ішінде Сапарбаевтың жалақысынан бөлек оның бес орынбасарының айлық табысы да кіреді. Атап айтқанда, Ғали Исқалиев - 461 000 теңге, Жаңабай Бексары - 503 000 теңге, Асқар Биахметов - 507 000 теңге, Асқар Шериязданов - 511 000 теңге және Мұхтар Жұмағазиев ай сайын 518 мың теңге жалақы алады.
Ақтөбе қаласының әкімі Ільяс Испановтың айлық-жалақысы 451 мың теңгені құрайды. Ал, оның орынбасарлары басшысынан қарағанда әлдеқайда аз алатын көрінеді. Мәселен, Жандос Байырханов - 194 000 теңге, Қуантқан Алимов - 203 000 теңге, Нағымжан Алдияров - 194 000 теңге, Мадияр Қабыл 199 000 теңге айлық-жалақы алады.