$ 444.22  476.38  4.82

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

Видеодан апат салдарынан зақымдалған автобус пен мыжылып қалған жеңіл көліктің тұрғанын көруге болады.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Алматы облысында болған жантүршігерлік жол апаты түсірілген кадрлар желіде жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz.

Апат Алматы облысындағы Талғар - Ақбұлақ жолында болған. Оқиға орнынан түсірілген суреттері Instagram-дағы парақшада жарияланды. Фото мен видеода апат салдарынан зақымдалған автобус пен мыжылып қалған жеңіл көліктің тұрғанын көруге болады.

"1980 жылы туған ер адам қаза болды. Басқа зардап шеккендер жоқ. Автокөліктерде жолаушылар болған жоқ", - делінген хабарламада.

Алматы облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Ведомство aпаттың 9 наурызда сағат 8.00 шамасында болғанын мәлімдеді.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, Mitsubishi Galant автокөлігінің жүргізушісі ПАЗ-3206 жүргізушісіне жол бермеген. Оқиға орнында Mitsubishi Galant-тың 41 жастағы жүргізушісі алған жарақаттарынан қаза болды, басқа құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп атап өтті полиция департаментінде.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі - "Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адам өліміне әкеп соққан бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары