$ 494.87  520.65  4.91

Егде жастағы жолаушыға күш көрсеткен кондукторға қатысты сот үкім шығарды (ВИДЕО)

Қаулы заңды күшіне әлі енген жоқ.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында толық тариф бойынша жол ақысын төлеуден бас тартқан зейнеткерді автобустан итеріп шығарған кондукторға қарсы іс қаралды, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Қалалық әкімдік болған жағдайға байланысты кешірім сұрап, қоғамдық көлік қызметкерін жазалауға уәде берген болатын.

Сот отырысында 51 жастағы адам өз кінәсін мойындады.

Сот кондукторды Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі ("Ұсақ бұзақылық") бойынша кінәлі деп танып, мемлекет пайдасына 14 мың 585 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл өндіру туралы үкім шығарды.

Қаулы заңды күшіне әлі енген жоқ.

Еске сала кетсек, қалалық автобусқа мінген әйелдің өзімен бірге зейнетақы куәлігі болмаған. Алайда ол жол жүру ақысын толық төлеуден бас тартты. Кондуктор оның сөзіне сенбей, қарияға тіл тигізіп, автобустан итеріп шығарып жіберген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары