Жаңалықтар 16.03.2021 сағат 19:25

Ресейде коронавирустың аса қауіпті штамы анықталды

"Британдық 28 изолят анықталды, екеуі Оңтүстік Африка штамына жатады.
Ресейде коронавирустың аса қауіпті штамы анықталды
фото: kursiv.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ресей аумағында алғаш рет коронавирустың Оңтүстік Африка штамы анықталды. Бұл туралы Роспотребнадзор хабарлады, деп жазады Азаттық

"Британдық 28 изолят анықталды, екеуі Оңтүстік Африка штамына жатады. Коронавирустың бразилиялық штамы тіркелген жоқ. Тағы 16 адамнан өзге де вирус мутациялары анықталды" деді Роспотребнадзор.

Соңғы кезде ресейлік мамандар 8 мыңнан астам үлгіні зерттеген. Бірінші кезекте өзге елдерден оралған, вирус қайта жұғу қаупі төнген және ауру белгілері өзгеше адамдардан сынақ үлгілері алынған.

Коронавирустың жаңа штамының пайда болғанын Оңтүстік Арфика республикасы былтыр жыл соңында хабарлаған. Ғалымдардың айтуынша, жаңа мутация кәдімгі коронавирусқа қарағанда 50 пайызға жылдам жұғады. Кейінірек оның бұрын коронавируспен ауырып шыққан адамдарға ауыр тиетіні, әзірленіп қойған вакцинаның онымен аса тиімді күресе алмайтыны анықталған. Сол себепті Оңтүстік Африка республикасының билігі коронавирусқа қарсы AstraZeneca вакцинасын егу науқанын кейінге шегерген.

Ақпан айында бұл вирустың тез жұғатынын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да растады.

Коронавирус мутациясы былтыр күзден бері ірі мәселеге айналған. Ғалымдар сол кезде Ұлыбританияда коронавирусқа қарағанда әлдеқайда тез жұғатын штамы пайда болғанын хабарлаған. Ондаған ел Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатқан. Қаңтар айында Роспотребнадзор басшысы Анна Попова Ресейде британдық штам анықталғанын айтқан.

Ақпан айының ортасында Роспотребнадзор коронавирус мутациясын анықтайтын әлем бойынша алғашқы тест-жүйені тіркегенін мәлімдеді. Мекеме өкілдері тест коронавирустың британдық штамын анықтауға бағытталған, алайда осындай технология негізінде өзге де вирус мутацияларын анықтайтын тест жасауға болады деген еді.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде коронавирус жұқтырғандар 120 миллионнан асты. Індет кезінде 2,6 млн адам қайтыс болған, 68 млн адам жазылған.

Ресейде 4 млн 445 адамға коронавирус жұққан, 92 мыңнан астам адам қайтыс болған. 4 млн адам жазылған.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар