$ 494.87  520.65  4.91

Шет елден ұшып келген жолаушылардан коронавирус расталды

Тараз қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 6 жолаушы анықтамамен келген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

17 наурыз күні Қазақстан аумағына Германия, Оңтүстік Корея, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстаннан 28 халықаралық әуе рейсі ұшып келді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлім еткендей, бір тәулікте елімізге 3 372 жолаушы ұшып келді. Оның 2 985-інде коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Қалған 387-сі анықтамасыз келген, барлығы – ҚР азаматтары.

Атап айтқанда: - Алматы қаласының әуежайына – 14 рейс, 1 736 жолаушы, анықтамамен – 1 544, анықтамасыз - 192;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 460 жолаушы, анықтамамен – 299, анықтамасыз - 161;

- Шымкент қаласының әуежайына – 4 рейс, барлық 616 жолаушы анықтамамен келген;

- Ақтау қаласының әуежайына – 3 рейс, 434 жолаушы, анықтамамен – 400, анықтамасыз - 34;

- Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 120 жолаушы анықтамамен келген;

- Тараз қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 6 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасы болмағане Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Сондай-ақ хабарланғандай, 16 наурызда коронавирусқа ПТР-анықтамасыз ұшып келген Қазақстанның 211 азаматының тест нәтижесі дайын болған. Оларға сәйкес, «Дубай – Алматы» рейсінің – 2, «Сеул – Алматы» рейсінің – 1, «Анталия – Алматы» рейсінің – 1, «Рас-эль-Хайма – Ақтау» рейсінің 1 жолаушысынан коронавирус анықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары