$ 449.58  486.94  4.86

Наурыз мерекесінде қоғамдық көліктер жұмысы тоқтай ма?

Қоғамдық көлік Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес бір күн жұмыс істемейді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Наурыз мейрамын мерекелеу күндері, 22-24 наурыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көліктер қалыпты жұмыс істейді. Бұл туралы CTS баспасөз қызметі хабарлайды.

Жексенбі күні, 21 наурызда қалада және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Қоғамдық көлік Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес бір күн жұмыс істемейді. Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

«Маска тағу режимін сақтауды сұраймыз. Автобусқа маскасыз кіруге болмайды. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді», - делінген хабарламада.

Басқа күндері, соның ішінде сенбі күні қалада және қала маңына қатынайтын бағдарлар қалыпты жүреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары