Қазақстанда бір тәулікте 19 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
21 наурызда 20 912 адам (17 654 КВИ+ және 3 258 КВИ-) коронавирустан емделіп жатыр, оның ішінде стационарда – 6 185 науқас, амбулаторияда – 14 727 науқас.
КВИ+ және КВИ- ауырғандардың ішінде:
- ауыр хәлде жатқандар – 259 науқас,
- аса ауыр жағдайда – 63 науқас;
- өкпені жасанды желдету аппаратында – 37 науқас.