$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда сауда орталықтары мен базарлардың жұмысына тыйым салынды

Ғимараттарда орналасқан тамақтану орындары тағамды шектеусіз сыртқа шығарумен ғана жұмыс істейді.
фото: ктк.kz
фото: ктк.kz

Алматыда СОО мен базарлардың жұмысына тыйым салынды. Бұл туралы , Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады. 

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, Алматыда соңғы тәулікте 437 ауру жұқтыру оқиғасы тіркелген - бұл ең жоғары көрсеткіш. Осыған жағдайға байланысты базарлар мен СОО жұмысын шектеу туралы шешім қабылданды.

Азық-түліктік емес базарлардың жұмысына толықтай тыйым салынды. Сауда орталықтары 21 наурыздан 25 наурызға дейін жұмысын тоқтатады, ғимараттарда орналасқан тамақтану орындары тағамды шектеусіз сыртқа шығарумен ғана жұмыс істейді. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары