$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында шенеуніктер қызметтік көлікті басқа мақсатта пайдаланған

Өткен жылы аталған кеңес 65 тәртіптік істі қарап, нәтижесінде 37 лауазымды тұлғаға тәртіптік жаза қолданған.

Түркістан облысында шенеуніктер қызметтік көлікті жұмыстан тыс мақсатта пайдаланған деректер анықталды. Облыстық Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында мемлекеттік қызметкерлердің мәселесі қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәселен, Отырар ауданы әкімінің орынбасары өзіне тапсырылған қызметтік автокөлікті жұмыстан тыс мақсатта пайдалануына жол берілгендігі анықталды. Осыған орай, шенеунікке Әдеп жөніндегі кеңес шешімімен «қатаң сөгіс» түріндегі жаза қолдану ұсынылды. Сонымен қатар, Әдеп кодексінің талаптарын сақтамай, азаматпен сөйлесу барысында дөрекілік танытқаны үшін Сайрам ауданы Көлкент ауылдық округінің әкіміне же осындай жаза қолдану ұсынылды. 

Ал, Жетісай ауданының Мақталы ауылдық округінің әкімі қарамағындағы қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыз парағында болғандығына қарамастан, жұмыс уақытын есептеу табеліне жұмыста екендігі туралы белгі қойып жіберген. Аталған іс-әрекеті үшін шенеуніктің қызметіне толық сәйкес еместігі түріндегі жаза қолдану ұсынылды.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормасын бұзғаны үшін Шардара қаласының әкіміне де «қатаң сөгіс» беру ұсынылды. 

Бұдан бөлек, аталған жиында төтенше жағдай режимінде коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын 88 тұтынушының құқығы мен заңды мүддесіне іске асыруына кедергі келтіріп, тиісті төлемақының жүргізілуін қамтамасыз етпеген тиісті лауазымды тұлғаның тәртіптік ісі қаралды. Түркістан қаласы әкімдігінің Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің басшысына Әдеп жөніндегі кеңес шешімімен қызметіне толық сәйкес еместігі түріндегі жаза қолдану ұсынылды. 

Кеңес отырысында Ордабасы және Сарыағаш аудандарының жергілікті атқарушы органы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп жөніндегі уәкілдерінің қызметтік әдептің сақталуын мониторингілеуді және бақылауды жүзеге асыру кезіндегі қызметінің нәтижесі бойынша есебі тыңдалды. 

Өткен жылы аталған кеңес 65 тәртіптік істі қарап, нәтижесінде 37 лауазымды тұлғаға тәртіптік жаза қолданған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары