Жаңалықтар 22.03.2021 сағат 02:55

«Turkistan» телеарнасы іске қосылды

«Turkistan» телеарнасы түркітілдес елдер арасындағы ақпарат алмасу мен бірегей ортақ медиа кеңістік қалыптастыруға алтын көпір болады деген жоспар бар.
«Turkistan» телеарнасы іске қосылды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз қарсаңында таңғы 7-ден бастап «Turkistan» телеарнасы «Отау ТВ» ұлттық спутниктік желісі және кабельдік желілер арқылы қалың көрерменге жол тартты. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылған халықаралық «TURKISTAN» телеарнасы түркітілдес мемлекеттердің ақпарат кеңістігінде 3 тілде хабар тарататын арна болмақ.

Телеарна күн сайын өзекті ақпараттар мен қызықты бағдарламалар, телехикаялар мен деректі фильмдер топтамасын назарларыңызға ұсынады. Атап айтқанда, «Salem» таңғы ақпараттық-сауықтық бағдарламасы, «Turkistan times» жаңалықтар топтамасы, «Ғибрат», «Әпсана», «Жан сарайы», «Бетперде» секілді көрерменге берері мол бағдарламалар да өз көрерменін күтеді.

«Turkistan» телеарнасы түркітілдес елдер арасындағы ақпарат алмасу мен бірегей ортақ медиа кеңістік қалыптастыруға алтын көпір болады деген жоспар бар.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар