$ 443.35  475.54  4.82

Ауыл әкімі 500 мың теңге үшін 8 жылға сотталды

Маңғыстау облысының Өмірзақ ауылының әкімі жарты миллион теңге пара алғандығы үшін 8 жылға сотталды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдегендей, қылмыстық істі қарау барысында Өмірзақ ауылының әкімі Абдолла Мұғаловпен кент әкімшілігінің бас маманы Рүстем Өтешевке қатысты үкім жарияланған. Оған сәйкес, Абдолла Мұғалов мүлкі тәркіленіп, жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтеуге 8 жылға сотталды. Ал Рүстем Өтешев 7 жылға бас бостандығынан айырылған.

Тергеу анықтағандай, әкім Абдолла Мұғалов пен маман Рүстем Өтешев жер телімін беруге рұқсат беру үшін И. есімді азаматтан 500 мың теңге пара алып, оны мемлекеттік қызметкерлер өзара бөліскен. Бұл деректер сотта дәлелденді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары