$ 498.34  519.72  4.85

Атырауда спортшылардан құралған рэкеттер тобы құрықталды

Бес адамнан құрылған топ "Дина" және "Көктем" базарларындағы сатушылардан өлтіремін немесе тауарды өртеп жіберемін деп қорқытып, ақша бопсалаған.
фото: azh.kz
фото: azh.kz

Атырауда облыс орталығының базарларында рэкетпен айналысқан жергілікті спортшылардың соты аяқталып қалды. Оларды былтыр маусымда Атырау облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлері қолға түсірген, деп хабарлайды azh.kz сайты. 

Тергеу барысында бес адамнан құрылған топ атыс қаруын пайдаланып, Оңтүстік Қазақстаннан келген "Дина" және "Көктем" базарларындағы сатушылардан өлтіремін немесе тауарды өртеп жіберемін деп қорқытып, ақша бопсалағаны анықталды.

Бұған дейін ҚР ҰҚК мәліметіне сәйкес, ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары "ұрылардың" идеологиясын ұстанып, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтардың сыбайластарымен байланыста болған. 

Олардан үш атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді. ҰҚТ-ның үш қатысушысы тергеу изоляторларына қамалды, ал екеуі қорғану құқығы бар куәгер ретінде жауапталды.

Қазір қылмыстық іс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр. Сотталушылар орындығында ҚР ҚК-нің 194-бабы ("Қорқытып алу") және 262-бабы ("Ұйымдасқан қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету") бойынша айыпталып отырған 33 жастағы "жекпе-жек" чемпионы У.А. және 31 жастағы Б.А., сондай-ақ олардың 31 жастағы сыбайласы (сол баптарға қоса 287-бап ("Қаруды заңсыз сақтау немесе алып жүру").

Сотта 5 жәбірленуші мен 15 куәгер жауап берді - олардың көбі сатушы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары