$ 498.34  519.72  4.85

27 наурызға арналған ауа райы болжамы

Еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталып, жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

27 наурыз күні еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталып, жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жаңбыр, оңтүстіктің таулы ауданында қатты жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады. Солтүстікте, солтүстік-батыста, орталық пен шығыста сондай-ақ жаяу бұрқасын соғып, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Ақмола, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерін тұман басып, желдің күші 15-20 м/с артады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с артады.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады.

Түнде Атырау, күндіз Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Алматы, Маңғыстау, таңертең және күндіз Түркістан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. Күндіз Павлодар облысында 15-20 м/с екпінде жел соғады. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, желдің екпіні 23-28 м/с күшеюі ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады. Күндіз желдің жылдамдығы 23-28 м/с артады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары