$ 498.34  519.72  4.85

«Алматыға коронавирустың өте қауіпті штамдары келіп жетті» - Бекшин

Жаңа штамдардың контагиозы жоғары. Алдыңғы базалық штамен салыстырғанда жаңа штамдардың жұқтыру көрсеткіші 70%-ға дейін жоғары. Яғни, бұл инфекция өте жұқпалы.
фото: izhevskinfo.ru
фото: izhevskinfo.ru

Британдық және оңтүстікафрикалық штамдардың тіркелу ықтималдығына байланысты алматылықтарды КВИ-дің алдын алу шараларын күшейтуге шақырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин қала тұрғындарына маска режимін сақтап, әлеуметтік қашықты ескеріп, адам көп жиналатын жерге бармауға шақырды.

Бүгінде Алматы қызыл аймақта тұр. Биыл мегаполисте КВИ-ді жұқтырған 12 800 адам тіркелді. Мутацияға түскен штамның барын ескере отырып, індетті жұқтырудың жоғарғы деңгейі сақталуда.

«Өзгерістер байқалған аймақтарды геномдық ретке келтіру нәтижелері белгілі болды – британдық және оңтүстікафрикалық коронавирус штамдарына тән мутациялар анықталды», - деді Жандарбек Бекшин.

Жаңа штамдардың контагиозы жоғары. Алдыңғы базалық штамен салыстырғанда жаңа штамдардың жұқтыру көрсеткіші 70%-ға дейін жоғары. Яғни, бұл инфекция өте жұқпалы. Міне, осы жағдай мегаполисте анықталған инфекциялардың өршуіне әкелді.

«Қалада қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескерсек, біз қала тұрғындарының назарын осы жағдайға ерекше аударғымыз келеді.

Құрметті алматылықтар және қала қонақтары. Бүгінде өзіңізді КВИ-ден қорғаудың жалғыз жолы – вакцинация. Сәуір айында біз вакциналардың жаңа дозаларын күтіп отырмыз.

Сонымен қатар, Алматыда екі миллион тұрғынның бар екенін, сондай-ақ көші-қонның жоғары деңгейін ескере отырып, қазір жаңа штаммдар айналымы аясында бәріңізді ковидке қарсы шараларды күшейтуге шақырамын. Бетперде режимі мен әлеуметтік қашықты сақтап, қоғамдық орындарға бармауға, адам көп жиналатын жерден аулақ болуға шақырамын», — делінген қалалық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер үндеуінде.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда коронавирустың жаңа штамына ұқсас ықтимал мутация анықталғанын, оны нақты растау толық геномдық секвенирлеу аяқталғаннан кейін айқындалатынын хабарлаған болатынбыз.

Айта кетерлігі, Қазақстанда өткен тәулікте 1100 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР арқылы анықталды. Оның ішінде, Алматы қаласында – 330, Нұр-Сұлтан қаласы – 185 және Алматы облысында 108 науқас тіркеліп, осы қалалар көш бастап тұр. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 237 300-ге жетті.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары