$ 448.89  477.93  4.76

«Қытай Қазақстанға коронавирусқа қарсы вакцинаның 3 миллион дозасын жіберді» - Цой

Қазір Қазақстанға 150 мың доза келе жатыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда коронавирусқа қарсы қытайлық Sinovac вакцинаның үш миллион дозасы мен COVID-19 жұқтырып, аурудан айыққан адамдарға арналған "Спутник Лайт" ресейлік вакцинаның тағы бір миллион дозасы жеткізіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сонымен қатар, Pfizer жеткізу үшін келіссөздер жүріп жатыр. 

"Қазір Қазақстанға 150 мың доза келе жатыр. Келесі аптада жетеді деп ойлаймын. Қарағандыдағы зауытта барлығы 750 мың доза өндірілді. Техниканың жұмысы оларды аймақтарға жеткізу, бір апта ішінде көлем орындалады деп ойлаймын. Сонымен қатар, келесі айда қарағандылық фармзауыт бір миллион доза шығарады", - деді министр Алматыдағы медициналық қоғамдастық отырысында сөйлеген сөзінде.

Сондай-ақ, Цой вакциналардың импорты туралы айтты. 

"Спутник V"-дан бөлек "Спутник Light"-тан - миллион доза болады, Ресей үкіметімен келісім бар, ал қазір үш миллионға жуық Sinovac жақындап қалды. Яғни, бұл вакцина да келеді. Файзермен де сөйлесіп жатырмыз", - деді Цой.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары