$ 447.4  477.55  4.76

Аяжан Еділованы өлтірген маньяк ауруханадан шықты

Полиция пәтер есігін бұзып кіргенде ол өзіне-өзі қол салмақ болған.
Фото: дереккөз
Фото: дереккөз

19 жастағы Аяжан Еділованы өлтірді деген 28 жастағы күдіктінің денсаулығы түзелді, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, күдікті ауруханадан шығарылды. Сот оған "қамауға алу" шарасын таңдағандықтан, сотқа дейінгі тергеу кезеңінде ол абақтыда болады.

Тергеу жалғасуда. Күдікті есі дұрыс деп танылса, оған 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру, немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалуы мүмкін.

19 наурызда жұмысынан шыққан 19 жастағы Аяжан Еділова жоғалып кетті. 22 наурызда қыздың өлі күйде табылғаны белгілі болды – ол асқан айуандықпен өлтірілген.

Күдікті – 1993 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны, ұсталды. Полиция пәтер есігін бұзып кіргенде ол өзіне-өзі қол салмақ болған. Бірақ тірі қалды.

Марқұмның туыстары қыздың денесі бөлшектелгенін айтты. Олар күдіктіні маньяк деп санайды, өйткені Аяжанның тістері қағылып, тырнақтары жұлынған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары