$ 443.85  474.3  4.8

Екібастұзда 51 жастағы әйел көпқабатты үйдің балконынан құлап кетті

Жазатайым оқиғалардың нәтижесінде зардап шеккендер әртүрлі жарақаттармен ауруханаларға жатқызылды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Екібастұзда 51 жастағы мас әйел төртінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

«27 наурыз күні сағат 08.10-да Екібастұз қаласында Кеншілер көшесінде әйел адам өзінің абайсыздығынан төртінші қабатта орналасқан пәтерінің балконынан құлап кеткен», - деді облыстық полиция департаментінде.

Сондай-ақ сол күні сағат 19.00-де Бәйет ауылында Канал-Тау көшесіндегі үйдің ауласында 52 жастағы ауыл тұрғыны өзінің абайсыздығынан тепе-теңдікті сақтай алмай қалып, сарайдың төбесінен құлап кетті.

Жазатайым оқиғалардың нәтижесінде зардап шеккендер әртүрлі жарақаттармен ауруханаларға жатқызылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары