$ 494.87  520.65  4.91

Көші-қон полициясы тұрғындарға құжат ресімдеуге көмектесті

Түркістан облысында тәртіп сақшылары тоғыз жыл құжатсыз тұрып жатқан жергілікті тұрғынға көмектесті.
Фото: el.kz
Фото: el.kz

Қазақстанда құжатсыз өмір сүріп жүрген азаматтар баршылық. Полиция егде жастағы азаматтарға мұндай сәтте де көмек көрсетіп, бей-жай қараған емес. Кейінгі уақытта 90-100 жастағы кейуананың алғаш рет төлқұжат алғаны, куәлік алғаны туралы ақпарат жиіледі. Бұл тұста да тәртіп сақшыларының еңбегі орасан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мысал ретінде Төле би ауданы полицейлері 81 жастағы ауыл тұрғынына жеке куәлігін рәсімдеуге көмектесті. Төле би аудандық полиция бөліміне жеке куәлікті қайта ресімдеу туралы өтінішпен 81 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Тәртіп сақшылары қарт әйелге барып, қажетті рәсімдерден кейін оған жеке куәлігін табыс етті. Әже полиция қызметкерлеріне, оның ішінде Төле би АПБ көші-қон қызметіне  алғыс білдірді.

Әжейдің айтуынша, ол денсаулық жағдайына байланысты үйінен шыға алмаған. Ал ол уақытта жеке куәлік мерзімі аяқталған. Соған байланысты полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

Дәл осыған ұқсас жағдай Түркістан облысының Түлкібас ауданында тіркелді. бойжекткен тоғыз жылдан бері жеке куәліксіз жүрген. Осылайша, Түркістан облысында тәртіп сақшылары тоғыз жыл құжатсыз тұрып жатқан жергілікті тұрғынға көмектесті. Түлкібас ауданында көші-қон полициясының қызметкерлері ҚР азаматының жеке куәлігі жоқ азаматтарды және алғаш рет құжат алатын 16-18 жастағы адамдарды құжаттандыру бойынша көмек көрсету бойынша акцияны жалғастырып жатыр. Сол жұмыс аясында Түлкібас АПБ көші-қон қызметі 9 жыл бойы құжатсыз жүрген тұрғынды анықтаған. Артынша тұрғынға құжат жасауға қол ұшын созды.

Таяуда ғана Қазығұрт ауданының полицейлері қарт ана мен оның ұлына жаңа жеке куәлік рәсімдеді. Қазығұрт аудандық полициясына 102 жастағы "Алтын алқа" иегерінің туыстары хабарласқан. Зейнеткердің жеке куәлігінің мерзімі аяқталғаны туралы айтқан. Оның немересі де денсаулығына байланысты құжат жасатуға бара алмаған. Қазығұрт ауданының полицейлері Халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдерімен бірлесіп, қажетті құжаттарды дайындап, қарт ана мен оның ұлына жаңа жеке куәліктерін табыс етті. Қарт әйел үш ұл, бес қыз тәрбиелеп, 38 немересі мен 94 шөбересі бар. Әжесі мен немерелері Қазығұрт АПБ көші-қон полициясына құжаттарды қайта ресімдеуге көмектескені үшін алғыс білдірді. 

Айта кетейік, Түркістан облысы ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері республикалық акция басталғаннан бері облыс аумағында құжаттары жоқ 389 адамды анықтады, оның ішінде 286 адам ҚР жеке куәлігін алды.

Мұндай жағдай тек оңтүстік өңірде ғана емес Солтүстік Қазақстанда да болады. Наурыздың басында Ақмолалық полицейлер онкологиялық әйелге тез арада тіркеуді рәсімдеуге көмектесті. Солтүстік қазақстан облысы Айыртау ауданының 68 жастағы тұрғыны онкологиялық диспансерде шұғыл ем алу үшін Көкшетау қаласына келген. Ол үшін қарт әйелдің ұлы Ақмола облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлеріне көмек сұрап жүгінді. Ер адам анасын дереу емдеу үшін Көкшетауда тіркелу қажет екенін түсіндірді. Полиция бес минут ішінде қиын жағдайға тап болған әйелдің ұлына көмектесіп, ол арқылы қолдау сөздерін жеткізді. Көші-қон қызметінің қызметкерлері әйелге шыдамдылық, бас тартпауды және өз денсаулығы үшін күресуді тіледі.

Бұл – полиция қызметкерлері көрсететін көмектің бір парасы ғана. Күн сайын халық игілігіне қызмет ететін азаматтардың еңбегі орасан. Қажет кезінде түрлі акция өткізіп, мұқтаж жандарға көмек көрсетеді. Қызмет бабы бойынша өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарады. 

Мысалы, жақында Алматы облысының полицейлері батпаққа батқан көлікті шығаруға көмектескені туралы ақпарат тарады. 25 ақпанда Алматы облысының Қарасай ауданында жедел-тергеу тобы Боралдай-Жібек жолы автожолы бойынша оқиға орнынан шақырылғаннан кейін қайтып келе жатып, батпақта қалып қойған автокөлікті көрген.  Ойланбастан тәртіп сақшылары балшыққа түскен көлікті тростың көмегімен шығарып алды. Жүргізуші полицейлерге көрсеткен көмегі үшін алғыс айтып, оларға сәтті жұмыс күнін тіледі. Құқық қорғаушыларға алғыс айтатындардың қарасы қалың. Олардың ақ қар, көк мұзға қарамай еңбек етіп, ел игілігін үшін қызмет ететіні баршаға аян. Себебі құқық қорғаушылар мейрам сайын тұрғындарды назардан тыс қалдырмайды. 

Наурыз мейрамы қарсаңында полиция қызметкерлері Алматыда жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге барып, қолғабыс етті. Бірі аула тазаласа, енді бірі қар күреді. Жалғыз басты зейнеткерге үйде кішігірім жөндеу жұмыстарын жүргізу, крандарды жөндеу, ауладан қоқысты шығару қажет болған. Соның бәріне көмектесті. 
Наурыз қарсаңында бірқатар өңірде ауа райы бұзылды. Қар қалың жауып, жолдар жабылды. Сондай сәтте де полиция қызметкерлері көмекке келді. ШҚО полиция депратаментінің қызметкерлері қамқорлыққа алынған негізгі орта мектеп-интернат аумағындағы қарды тазартуға көмектесті. Полицейлер қалың қар жауғаннан кейін әдеттегі полиция формасын жұмыс киіміне ауыстырып, Өскемен қаласы әкімдігінің "Негізгі орта мектеп-интернаты" КММ қамқорлығындағы мектептің ауласынан қарды тазалау бойынша ауқымды сенбілік өткізді.

Ал оның алдында наурыздың басында Шығыс Қазақстан облысында болды. Ол кезде патрульдік полиция емес, ШҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ОВ-156/6 мекемесінің қызметкерлері автокөлік жүргізушілері мен жергілікті тұрғындарға қардан шығуға көмектескен еді.

Қос қызметкер өтіп бара жатқанда кюветке түсіп кеткен бірнеше автокөлікті көрген. Олар егде жастағы кісілердің көлікті өз бетінше шығаруға тырысып жатқанын байқайды. Содан кейін полицейлер кептелген көлікті сүйреп, қар ішінен шығарды. Ол кезде де жолдар жабылып, жолда не болып жатқанын байқау мүмкін болмаған. Жолаушылар полиция қызметкерлеріне жағдайға бей-жай қарамай көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары