Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ВАК-қа сілтеме жасап.
"Қызыл" аймақта әлі де Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Атырау, Батыс Қазақстан облыстары тұр.⠀
"Сарыда" - Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстары.
"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңір.
Еске салайық, 29 наурызда жарияланған эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы Қазақстан "сары" мен "қызыл" аймақтардың шекарасында екенін көрсеткен болатын.