$ 498.34  519.72  4.85

Тоқаев пен Назарбаевтың қатысуымен жиын өтеді

Жиын 31 наурыз Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 17:00-де онлайн форматта өтеді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінде бауырлас мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалар бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жиын 31 наурыз Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 17:00-де онлайн форматта өтеді.

Бейресми саммитті мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ашып, жүргізеді.

Онлайн отырысқа Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан, Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Бағдад Әміреев қатысады.

"Жиын барысында бауырлас мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалар бойынша ынтымақтастық және оны одан әрі дамыту мәселелері талқыланады", - делінген президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Sputnik Қазақстанға берген жауабында.

Сондай-ақ, саммит қорытындысы бойынша түркі елдерінің мәдени құндылықтарына және Кеңестің мәртебесіне қатысты декларация қабылданады деп жоспарланып отыр.

Саммит Zoom платформасы арқылы өтеді.

БАҚ өкілдері үшін арнайы трансляция ұйымдастырылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары