$ 494.87  520.65  4.91

Ораза кезінде коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға бола ма?

Биыл Ораза 14 сәуірде басталады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ораза кезінде коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

 «Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасы Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұл бұл сауалға ресми түрде жауап берді. Ол осы кезеңде Ораза ұстаған адамдар оразасын бұзбай коронавирусқа қарсы екпені салдыра алатынын айтты. Яғни СOVID-19-ға қарсы екпені алу Ораза ұстау шарттарын бұзбайды», - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ОКҚ-де өткен брифингте.

Айта кетейік, биыл Ораза 14 сәуірде басталады. 10 мамырға қараған түн – Қасиетті қадір түні. Ораза айт мерекесі 13 мамырда, ал Құрбан айт 20-22 шілдеде болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары