$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстанда коронавирусты екінші рет жұқтыру жағдайы тіркелді

Мұндай дерек Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Елімізде СOVID-19 вирусын екінші рет жұқтыру дерегі тіркелді. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмамбетова айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Коронавирусты екінші рет жұқтыру жағдайы тіркелді. Бұл туралы біз хабарлағанбыз. Мұндай дерек Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді, - деді Айжан Есмамбетова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 243 318-ге жетті, 218 031 адам дертінен айықты. 3029 адам аурудан қайтыс болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары