$ 494.87  520.65  4.91

«Пәктігін 500 мың теңгеге сатты»: күдікті Аяжан Еділованы не үшін өлтіргенін айтты (ВИДЕО)

Жыныстық қатынасқа түскеннен кейін ол қызға нақты ақшасының жоқтығын айтып бір апта көлемінде тауып беретінін айтады.

Аяжан Еділованың өліміне күдікті Төребеков полиция қызметкерлеріне оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарттық порталы.

Kun.kz сайтының жазуынша, күдікті Төребеков Аяжанмен "Badoo" желісі арқылы танысып, ватсап арқылы бірнеше күн сөйлескен. Сөйлескен кезде Еділова онымен жыныстық қатынасқа түсу үшін 500 мың теңгеге келіскен. Сол үшін жігіттің үйіне өз еркімен келген. Жігіттің сөзінше, ол Аяжанмен кешкі 20:30-да кездесіп, келісім бойынша жыныстық қатынасқа түскен. 

Тағы оқи отырыңыз: «Адам органын сататын «Қара базарды» анықтау керек!» – заңгер

«Денесін бөлшектеп, қоқыс жәшігіне тастаған»: Аяжан Еділованың өліміне қатысты тың ақпарат жарияланды

Жыныстық қатынаста болғаннан кейін, жігіт қызға нақты ақшасының жоқтығын айтып бір апта көлемінде тауып беретінін айтады. Бұл ұсынысқа көнбеген Еділова полицияға "зорландым" деп шағымданатынын айтқан. Міне осы жағдайдан кейін Төребеков оны белбеуімен қылқындырып, ас үй пышағымен денесін бөлшектеп тастайды. 

Сотқа дейінгі тергеу кезінде осылай түсінік берген Төребеков барлық кінәсін мойындайтынын айтқан.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біз Аяжан Еділованы аяусыз өлтірген күдіктінің суреті жарияланғандығы және оны  өлтірген маньяк ауруханадан шыққандығы туралы хабарлағанбыз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары