Әлеумет 30.03.2021 сағат 14:40

«Адам органын сататын «Қара базарды» анықтау керек!» – заңгер

Бұл жігіт бұдан бөлек қанша адамды сойып, бөлшектеп, керек органдарын алып, басын қайнатып жүруі әбден мүмкін ғой, дұрыс па?
«Адам органын сататын «Қара базарды» анықтау керек!» – заңгер
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек Аяжан Еділованың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 
Оның пайымдауынша, өрімдей қыздың өлімі бүкіл халыққа дабыл болуы керек.

Естеріңізге сала кетейік, бір аптадан бері 19 жастағы Аяжан Еділованың өлімі жайлы деректер БАҚ беттерінде үлкен резонанс туғызды. Осы орайда, заңгер «Полиция мен ҰҚК бірігіп жұмыс жасап адам органын сататын үлкен топты құрықтау керек!» деп отыр. 

«Адамның рұқсатынсыз органын алуға болатыны жайлы заң шығып жатқанда барынша шырылдап едім, ешкім тыңдамады!
Бұл заң бізде былтыр ғана шықты.

Аяжанның өлімі бұл бүкіл халыққа ДАБЫЛ болу керек!

Дені сау қызды шақырып алып, бөлшектеп тастағанды жігітті тек ауытқуы бар деп көрсете салуы әбден мүмкін, бірақ мен сенбеймін!

Ол дәрігер мамандығын оқыған, маман!

Бұл жігіт бір мүдделі топқа жұмыс жасауы әбден мүмкін.  Адам органдары тікелей сатылмасада,қара базар арқылы сатылады.
Мен мұндай тұжырымға қайдан келдім, қыздың  ағасының сұқбатын қайта -қайта  көріп шықтым. «Ол жерде басқа адамның денесі болды, нақты қайсы екенін анықтай алмай жатыр» деп айтты!

Яғни бұл жігіт бұдан бөлек қанша адамды сойып, бөлшектеп, керек органдарын алып, басын қайнатып жүруі әбден мүмкін ғой, дұрыс па?

Полиция соңғы кездерде еш хабарсыз жоғалып табылмағандарға да назар аудару керек!

Бұл ешқандай адам жегіш емес, бұл адам органын сататын мүдделі топтың бір мүшесі ғана деп ойлаймын! Полиция мен ҰҚК бірігіп жұмыс жасап адам органын сататын үлкен топты құрықтау керек!

Тағы оқи отырыңыз: «Бақылау камералары халықтың қалтасын қағу үшін ғана тұр ма?»: заңгер министрге сауал жолдады

«Осындай жауызды қандай ана тапты екен?»: Түсіпбаева жас қыздың өлімі туралы пікір білдірді

Қара базарда, интернетте бір бүйректің  бағасы 80000  доллар тұрады деп ашық жазылып жатқан заманда, адамды ұрлап әкетіп бөлшектей салады.

Біз адам органынын рұқсатсыз алуға болады деген заңды қайта қарауымыз керек!», - деп жазды Айгүл Орынбек желідегі парақшасында

Бұған дейін біз Аяжан Еділованы аяусыз өлтірген күдіктінің суреті жарияланғандығы және оны  өлтірген маньяк ауруханадан шыққандығы туралы хабарлағанбыз. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар