$ 494.87  520.65  4.91

Еліміздің 6 облысында дауылды ескерту жарияланды

Күндіз оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, түнде көктайғақ күтіледі. 2-4 сәуірде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Тараз қаласында кей уақытта тұман болжанады. 4 сәуірде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 25 м/с жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. Қызылордада күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с деңгейінде болжанып отыр.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 25 м/с. Қостанай қаласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді.

Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 17-22 м/с. Ақтауда күндіз шаңды дауыл тұрады деп болжануда. Күндіз оңтүстік-шығыстан  15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары