$ 494.87  520.65  4.91

Қызылорда қаласының әкімі орнынан кетті

Ол ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласы әкімі қызметінен кетті. Ол ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. РФ Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты.

Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.
1998-2005 жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.

2007-2008 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы. 

2008-2013 жылдары Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі. 

2013-2021 жылдары Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі. 

2021 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары