Африкада SARS-CoV-2 коронавирусының 40-қа жуық мутацияға ұшыраған жаңа штамы анықталды.
Бұл туралы Африканың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының басшысы Джон Нкенгасонг мәлімдеді деп хабарлайды newsroom.kz
Оның айтуынша, жаңа штамм алғаш Анголаға келген Танзания азаматтары арасында анықталған. Коронавирустың бұл түрі әзірге Оңтүстік Африка Республикасындағы зертханалардың бірінде зерттелуде.
Бірақ қазірдің өзінде жасалған вакциналардың оған қарсы тиімділігі туралы мәліметтер жоқ болғандықтан, алаңдаушылық тудыруда.