COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК 2 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларымен қатар Атырау, Ақтөбе, Алматы және Батыс Қазақстан облыстары «қызыл аймаққа» енген. «Сары аймақта»: Шымкент қаласы және Ақмола мен Қарағанды облыстары тұр.
Қалған өңірлер «жасыл аймақта».