Бішкектің ішкі істер департаменті сыртқы істер министрлігінің қызметкері болған Бахтияр Шәкіровтің өлімін тексеріп жатыр, деп хабарлайды kznews сайты.
Департаменттің баспасөз хатшысы Ұлан Жұмақовтың хабарлауынша, істі Ленин аудандық ішкі істер бөлімі тексереді.
«Сараптамалар тағайындалды, содан кейін ғана толық ақпарат беріледі», – деді Жұмақов.
1 сәуірде сыртқы істер министрлігінің 39 жастағы қызметкері Бахтияр Шәкіровтің қайтыс болғаны хабарланды. Алдын ала мәлімет бойынша, 1 сәуірге қараған түні ол Ана мен баланы қорғау ұлттық орталығына барып, Sinopharm вакцинасын салдырған.
Қырғызстанда 29 наурызда қытайдың Sinopharm вакцинасын егудің алғашқы кезеңі басталды. 19 наурызда республика Қытайдан вакцинаның 150 мың дозасын алды.