$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте көлігімен 4 адамды қаққан бай баласы шетелге қашып кетуі мүмкін

Шымкентте қымбат көлігімен жол жөндеп жүрген бір топ адамды қағып кеткен бай баласына халықаралық іздеу жарияланбақшы деп хабарлайды KTK телеарнасы.

20 жасар Исмайыл Сүлеймен 13-ші тамызда қала ортасымен жүйткіп келіп, 4 жұмысшыны қағып кеткен еді. Нәтижесінде, жол жөндеушілердің бірі оқиға орнында көз жұмса, тағы үшеуі ауыр жарақат алған. Көп уақытын шетелде өткізіп келген жігіт содан бері ұшты-күйлі жоқ.

Жол апатын жасаған сәтте көлік ішінде Исмайылдың жанында тағы үш досы болған екен. Төртеуінің де сол сәтте удай мас болғанын және жол апатына ұшыраудың алдында БМВ-ның жылдамдығын 100-ден асырғанын полицейлерге өздері айтып берген. Жұмысшыларды жазым етсе де, шұңқырға түсіп кеткен кабриолеттегі байдың балаларына ешнәрсе де болмаған. Арнайы топ құрып, бүкіл Қазақстанды шарқ ұрып іздеп жатқан полицейлер бай ұлын енді ел аумағынан табарына сенбейтін сияқты. АҚШ-тың беделді колледжінде оқуын аяқтап, Дубайда жоғарғы оқуын жалғастырып жүрген оған халықаралық іздеу жарияланбақшы. Тиісті құжаттарды рәсімдеп жатқан шенділер 20 жасар Исмайыл Сүлейменге қатысты бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары