$ 498.34  519.72  4.85

4 жасар бала мен анасы Қарағандыға барар жолда жоғалып кетті

Қарағандылық полицейлер 30 жастағы әйел мен оның 4 жасар ұлын бір айдан бері іздеп таппай жатыр деп жазады "Новый вестник" порталы.

Мөлдір Әбішева мен ұлы Әл-Ануар Нүктенов 20 шілде күні Шығыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен. Содан бері ол екеуін көрген-білгендер жоқ, өздері де байланысқа шықпаған. Соңғы мәліметтер бойынша, ана мен баласы Қарағандыға қарай бет алған екен. Олар Қарағандының Мәдениет үйі маңайында тұрып келген. Екеуі қазір Шымкентте немесе Астанада болуы мүмкін деген болжам бар.

Әбішева Мөлдір Бейбітжанқызы 1986 жылы туған. Бойы 160-165 см, сопақ жүзді, ұзын қара шашты және қара көзді. Үстінде қызыл түсті халат, аяғында сары түсті аяқкиім болған.

Нүктенов Әл-Ануар Асылбекұлы 2012 жылы туған. Анасымен бірге Қарағандыдағы Горноспасательная көшесінде тұрып келген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары