07.04.2021, 10:40

Қазақстанның 8 өңірі «қызыл» аймаққа енді

Фото: Ашық дереккөзі
Эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша Қазақстан «қызыл» аймақта.

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

2021 жылдың 7 сәуіріндегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан, Қарғанды, Ақмола облыстары «қызыл» аймақта тұр. 

«Сары» аймақта Шымкент қаласы орналасқан. 

Қалған барлық өңір - «жасыл» аймақта. 

Қазақстан эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймақта.