10.04.2021, 20:35

Ауа райы: 10 өңірде ескерту жарияланды

Фото: ашық дереккөзі
Батыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау, Қарағанды облыстарында қатты жел соғады.

Қазгидромет 11 cәуірде Қазақстанның он өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

11 сәуірде Маңғыстау, Қызылорда және Түркістан облыстарында шаңды дауыл соғады.

Түркістан облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, жел 23- 28 метр секунд жылдамдықпен соғуы мүмкін.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау, Қарағанды облыстарында қатты жел соғады.

Ал Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі.

Тегтер: ауа райы