$ 449.58  486.94  4.86

Шымкенттегі қыздар медресесі жабылып қалды

Жақында ғана салтанатты түрде ашылған Шымкенттегі қыздар медресесі уақытша жабылып қалды деп хабарлайды Otyrar.kz.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Ықылас» қарилар дайындау орталығының қыздар бөлімінің ғимараты уақытша жабылған. Мұндағы мамандар бұл жағдайды әділет департаментінде тіркелмеген құжаттарымен байланыстырды.

Жалпы, медресенің құрылысы үш қабаттан тұрады. 120 орынға арналған. Онда сынып бөлмелері, жатақхана, асхана, дәретхана, шағын спорт залы мен конференция өткізу залы және намаз оқу бөлмелері бар. Мұнымен қатар, қыздардың қосымша үйірмеге қатысуы үшін тігін цех кабинеттері жұмыс жасайды. Сондай-ақ, заман талабына сай компьютер, интернет сыныптары бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары