$ 447.4  477.55  4.76

Италияда 17 сағат бойы үйінділер астында жатқан 10 жасар қыз құтқарылды (ВИДЕО)

Жер сілкінісінен айтарлықтай зардап шеккен Италияның Пескара-дель-Тронто қаласында құтқарушылар үйінділер астынан 10 жасар қызды алып шықты. Сәби 17 сағат бойы құлаған үй астында жатып қалған. Бұл туралы The Independen басылымы хабарлады.

Аман қалған қызды мамандар дереу ауруханаға жеткізген. Оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Оның туыстарының тағдыры әлі белгісіз.

Айта кетейік, Италияның орталығында орын алған жер сілкінісі салдарынан 247 адам қайтыс болып, 264-і жарақат алды. Әліге дейін із-түссіз жоғалғандар табылмай жатыр.

24 тамыз күні таңғы 4 шамасында болған зілзаланың қуаты 6,0 балды құрап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары