12.04.2021, 00:25

Бес өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: ашық дереккөз
Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.

12 сәуірде Қазақстанның 5 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазгидрометтің мәліметінше, 12 сәуірде Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл, бұршақ болуы ықтимал. 

Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетуі ықтимал. 

Шымкент қаласында 12 сәуірде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. 

Қарағанды облысында кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. 

Жезқазған қаласында солтүстік-шығыстан 15 м/с жылдамдықпен жел соғады.