$ 449.58  486.94  4.86

«Ел тарихындағы ең ауқымды айыппұл» қытай Alibaba компаниясына айыппұл салды

Айта кетерлігі, бұл – ел тарихындағы ең ауқымды айыппұл.

Қытай билігі Alibaba корпорациясына 18 миллиард юань (2,75 миллиард доллар) айыппұл салды. Бейжің билігі компанияны монополия шарттарын бұзды деп айыптап отыр.

Айта кетерлігі, бұл – ел тарихындағы ең ауқымды айыппұл. Оның көлемі Alibaba корпорациясының 2019 жылғы табысының 4 пайызын құрайды. Компанияның негізін қалаушы Джек Ма қазанда Қытай басшыларын жұрт алдында сынаған соң үш айға жуық ел алдына шыққан жоқ.

Кейіннен Бейжің билігі Джек Маға тиесілі Ant Group компаниясының акция­ларын биржаға шығаруға тыйым салды. Акциялар құны шамамен 37 миллиард долларды құрайтын.

Қытай Alibaba Group компаниясына қатысты тексеруді былтырғы желтоқсанда бастады. Бейжің билігі корпорацияны «сатушыларды тек жалғыз платформамен сатуға мәжбүрледі» деп айыптады.

Осы саланы реттеуші ұйымның мәлімдеуін­ше, мұндай әрекет  тұтынушылардың құқық­тары мен мүдделеріне қайшы келеді, сатушы­лардың бизнесіне теріс әсерін тигізетін көріне­ді. Алайда компанияның негізін қалаған Джек Ма бұл пікірмен мүлдем келіспейді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары