Жексенбіде 21 сағат 19 минутта елордалық өрт сөндірушілерге Есіл ауданында құрғақ шөптің жанып жатқаны туралы хабар жетті, деп хабарлайды zakon.kz.
Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, өртті сөндіруге жеке құрамнан 30 адам және 6 бірлік техника аттанды, сондай-ақ өртке қала әкімдігінен 4 суару-жуу машинасы (ЖМ) жіберілді. Өртті сөндіру қатты желдің екпінінен күрделене түсті.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 22:16-да ауыздықталды.