Залдағы футболдан Қазақстан чемпионатының үшінші жартылай финалдық плей-офф матчында Атырау мен Ақтөбе командалары өзара бақ сынады. Бұл қызу дода қып-қызыл дауға ұласа жаздады, деп хабарлайды Sports.kz
"Ақтөбе" Қазақстан Республикасы чемпионатының плей-офф кезеңіндегі үшінші жартылай финалдық кездесуінде жеңімпаз атанды
Ұпай 3: 5 кезінде "Атырау" футболшысы Жомарт Тоқаев дөрекі ойыны үшін "қызыл" қағаз алып қалып, қатты ашуланды. Өз дегенін дәледегісі келіп, қазыға тап берді, бірақ ол оны тыңдай қоймады, әбден ызаланған ол ақырында көзіне жас алды.
Нәтижесінде "Атырау" "Ақтөбеден" 4: 6 есебімен ұтылды. "Ақтөбеде" Еленилсон, Ақжол Тыныштықбаев, Асхат Құлбаев, Аршат Сатжан, Витао (2) гол соқса, Болат Сарбасов (2), Эрик Данило және Эвертон "Атыраудан" гол соқты.
Осылайша сериялы есеп бойынша 2-1 ұпайымен пайда "Ақтөбенің" еншісіне шешілді.