$ 449.58  486.94  4.86

Теңіз жағалауынан 20 шақты түйенің өлексесі табылды

Мамандар жануарлар көктем басталған мерзімде суға батып кеткен деп есептейді.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы теңіз жағасында 20 түйенің өлігі пайда болды. Мамандардың сөзінше, жануарлар суға батып кеткен, - деп хабарлайды tengrinews.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Түйелердің өлігі кеше, 20 сәуірде Көсе жағалауында табылған. 

Мамандар жануарлар көктем басталған мерзімде суға батып кеткен деп есептейді. 

"Қатты дауыл салдарынан жануарлар теңіз жағасына шығып кеткен. Бүгінде аудандық әкімдік, төтенше жағдай бойынша облыстық департамент пен аудандық ветеринарлық станция түйелердің өлігін жою бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр", - дейді Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары