$ 494.87  520.65  4.91

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина салдырады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқылардың бірі болып КВИ-ге отандық QazVac вакцинасымен екпе алады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

26 сәуір күні Қазақстанда отандық вакцинамен екпе жасау науқаны басталады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

26 сәуірде Қазақстанда биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының базасында шығарылған және өңірлер бойынша 50 мың доза мөлшерінде бөлінетін QazCovid-in (QAZVAC) қазақстандық вакцинасымен вакцинация басталады. 

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқылардың бірі болып КВИ-ге отандық QAZVAC вакцинасымен екпе алады. Қазақстандық денсаулық сақтау министрлігі басшысының вакцинациялау рәсімін ертең, 26 сәуірде, таңғы сағат 08:45-те Хабар24 телеарнасының тікелей эфирінде және ведомствоның Facebook-тегі ресми аккаунты арқылы көруге болады делінген министрліктің Facebook парақшасында.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары