$ 449.58  486.94  4.86

Алексей Цой алғашқылардың бірі болып QazVac вакцинасын салдырды

Ол екінші дозаны 21 күннен кейін, 16 мамырда алады.

Бүгіннен бастап Қазақстанда QazVac екпесімен вакциналау басталды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқылардың бірі болып тікелей эфирде отандық вакцина салдырды.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы вакцинаны алғаннан кейін 30 минут дәрігерлердің бақылауында болды. Ол екінші дозаны 21 күннен кейін, 16 мамырда алады.

Естеріңізге сала кетейік, вакцина Қазақстанның биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының базасында жасалды. Отандық вакцинаның алғашқы 50 мың дозасы өңірлерге жөнелтілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары