$ 498.34  519.72  4.85

Алекцей Цой Біртановты жұмысқа ала ма?

Сот шешімі бойынша экс-министрге жұмыс істеуге рұқсат етілген.
Фото: коллаж
Фото: коллаж

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой экс-министр Елжан Біртановты министрлікке қайтадан жұмысқа алу туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарттық порталы.

Тікелей эфир барысында журналистер Алексей Цойға Біртановқа қатысты сұрақ қойды. Сот шешімі бойынша экс-министрге жұмыс істеуге рұқсат етілген. 

"Экс-министрге жұмыс істеуге рұқсат берілді. Сіз Біртановты денсаулық сақтау министрлігіне жұмысқа аласыз ба?" - деп сұрады министрден журналистер. 

"Қазіргі уақытта біз де Біртановқа қатысты жұмыс істеуіне болады деген ақпарат алдық. Біздің білуімізше, ол қазір коммерциялық құрылымда жұмыс істейді", - деп жауап берді Алексей Цой.

Еске сала кетейік, бүгін Алексей Цойға коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасы егілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары