Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой экс-министр Елжан Біртановты министрлікке қайтадан жұмысқа алу туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарттық порталы.
Тікелей эфир барысында журналистер Алексей Цойға Біртановқа қатысты сұрақ қойды. Сот шешімі бойынша экс-министрге жұмыс істеуге рұқсат етілген.
"Экс-министрге жұмыс істеуге рұқсат берілді. Сіз Біртановты денсаулық сақтау министрлігіне жұмысқа аласыз ба?" - деп сұрады министрден журналистер.
"Қазіргі уақытта біз де Біртановқа қатысты жұмыс істеуіне болады деген ақпарат алдық. Біздің білуімізше, ол қазір коммерциялық құрылымда жұмыс істейді", - деп жауап берді Алексей Цой.
Еске сала кетейік, бүгін Алексей Цойға коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасы егілді.