$ 498.34  519.72  4.85

«Сен мені таңдаған жоқсын!»: дөрекілік танытқан әкім халықтан сөгіс естіді

Әкім жиналғандарға дөрекелік танытқан, алайда халық оны бұл қылығы үшін сөгіп тастады.

Алматы облысында Панфилов ауданындағы "Хоргос" өткізу пунктінде халық жолды жауып тастады. Халыққа басу айтпақшы болған Жаркент қаласының әкімі Болат Омаров наразы тұрғындармен сөзге келіп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Онға жуық белсенді ұсталды. Сол себепті халық жолға жиналды. Бәрі "Хоргос" үшін. Міне әкімдер де жүр", - дейді әлеуметтік желіде таралған видеоның авторы. 

Әкім жиналғандарға дөрекелік танытқан, алайда халық оны бұл қылығы үшін сөгіп тастады. 

"Әкім мырза, сізді халық таңдады ғой? Енді сол халықты тыңдаңыз", - деген наразылардың біріне, "Сен мені таңдаған жоқсын!" - дейді әкім ашулы күйде. 

Айта кетсек, Болат Омаров Жаркент қаласының әкімі болып 2020 жылы наурызда тағайындалды. Шенеуніктің бұл әрекетін мемлекеттік қызметтер жөніндегі агенттік назарына алуы мүмкін. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары