$ 444.32  473.33  4.76

Путин мен Байден кездесетін болды

Әзірге күні бойынша келісімдер жоқ.

Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Джо Байденнің кездесуі жазда өтеді, деп хабарлады РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. 

Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Шынында да, белгілі бір ұсыныстар айтылды, күндерді әлі растай алмаймын. Әзірге күні бойынша келісімдер жоқ. Жаз айларына жоспарланып отыр. Әлі де нақты келісімдерге қол жеткізу үшін көптеген факторды талдауға тура келеді, - деді ол.

Сонымен қатар кездесу өтетін ел әлі анықталған жоқ.

Сондай-ақ Песков Байденнің маусым айында НАТО саммитіне Еуропаға сапары кезінде президенттердің кездесу мүмкіндігі туралы түсінік берген жоқ.

Бұған дейін Байден Вашингтон мен Мәскеуде осы жазда Еуропада Ресей мен АҚШ басшыларының кездесуін өткізу мүмкіндігі қарастырылып жатқанын хабарлады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары