$ 498.34  519.72  4.85

Астана маңындағы ауыл облыстық маңызы бар қалаға айналуы мүмкін

Құжатты әзірлеуге Қосшы ауыл округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасы негіз болды.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Нұр-Сұлтан маңындағы Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала болуы мүмкін. Президент жарлығының жобасы "Ашық нормативтік-құқықтық актілер" порталында жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарттық порталы.

Құжатты әзірлеуге Қосшы ауыл округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасы негіз болды.

"Қосшы ауылының қазіргі жағдайы мен дамуы болашағы оның мәртебесін көтеру қажет екенін көрсетеді. Ауылға қала мәртебесін беру жылжымайтын мүліктің өтімділігін, кәсіпкерлер мен тұрғындар үшін бизнес ашу мен дамытуға кредит ресурстарына қолжетімділігін артырады", - делінген жобаға түсіндірме жазбада.
Сондай-ақ құжатта Қосшы ауылы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" заңы бойынша облыстық маңызы бар қалаға қойылатын талапқа сай келетіні айтылған.

Қосшы Ақмола облысының Целиноград ауданында орналасқан. Ауылдың жалпы аумағы – 2 413 гектар, 50 мыңнан астам адам тұрады.

Ауылда үш орта мектеп (біреуі жеке), ауылдық клуб, мәдениет үйі, "Жанұя" отбасы денсаулығы орталығы, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары, дүкен, дәріхана, дәмхана, мейрамханалар бар.

Жарлық жобасы 2021 жылдың 13 мамырына дейін көпшілік талқылауында болады.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Қосшы ауылын Нұр-Сұлтан қаласына қосу жоспарланбағанын мәлімдеген болатын

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары